2026 жылдың 25 ақпан күні Қызылорда қаласындағы №233 орта мектебінде 2-сынып оқушылары арасында “Шымыр бала – бақытты бала” атты эстафеталық жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Жарыстың басты мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық эстафета ойындарын дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту және жас жеткіншектерді шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушылардың денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыру көзделді.
Жарысқа барлығы 3 команда қатысты:
🔹 2 “А” сыныбы – “Болашақ” командасы
🔹 2 “Ә” сыныбы – “Қыран” тобы
🔹 2 “Б” сыныбы – “Спорт” тобы
Қатысушылар “Кім озар?”, “Кім епті?”, “Кім тез?” “Кім жылдам”секілді қызықты әрі жылдамдықты талап ететін ойын түрлері бойынша бақ сынасты. Әр кезең ерекше тартысқа толы болып, оқушылар өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, бірлік пен командалық рухын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – 2 “А” сыныбы (“Болашақ” командасы)
🥈 ІІ орын – 2 “Ә” сыныбы (“Қыран” тобы)
🥉 ІІІ орын – 2 “Б” сыныбы (“Спорт” тобы)
Жарыс өте тартысты, қызықты әрі әсерлі өтті. Балалардың жүзіндегі қуаныш, жеңіске деген жігер мен достық қолдауы – шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі болды.
Осындай спорттық шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойында батылдық, ұйымшылдық, табандылық қасиеттерін қалыптастырады
#bikimkzo
#mektep233
#bikimkzo

KZ
