Skip to content

«ҮЗДІК БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІ- 2026» 2026 жылдың 20 қаңтар күні мектебімізде…

«ҮЗДІК БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІ- 2026»

2026 жылдың 20 қаңтар күні мектебімізде «ҮЗДІК БІРЛЕСТІК ЖЕТЕКШІ- 2026» мектепішілік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты, әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жыл бойы жасалған жұмыстарды қорытындылау, жинақтау, үздік бірлестікті анықтау.
Байқау 3 кезең бойынша өтті.
1-кезең: Бірлестік жетекшілерінің өз бірлестігін таныстыру;
2-кезең: Үлгілі портфолиолар, әдістемелік жинақтар слайд арқылы таныстыру;
3-кезең: «Педагогикалық жағдаят» бірлестік ұжымымен, жалпы көппен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдығын көрсету
Байқауға 8 пән бірлестігі қатысып, нәтижесінде :
І орын Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі Темір Жансая Тұрсынқызы;
ІІ орын Математика информатика және физика пән бірлестік жетекшісі Байшаева Жайна Бахытовна;
ІІІ орын Жаратылыстану пән бірлестік жетекшісі Мырзабаева Лариса Сериковна.
Қалған бірлесік жетекшілері байқауға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo