МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ІС
Мектебіміздің түлегі Тұрсын Мадияр Талғатұлы Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының 2-курс студенті бітіруші сынып оқушыларымен кездесті.
Мақсаты: бітіруші сынып оқушыларына әскери мамандықтың маңыздылығын насихаттау, мамандық таңдауға көмек беру. Кездесу барысында Академияда әскери тактика, қоғамдық ғылымдар, шет тілі, автомобиль даярлығы және соғыс машинасы, артиллериялық қарулар мен техникаларды пайдалану, әскери инженерлік байланыс және жалпытехникалық пәндер, физика-математика, дене шынықтыру және спорт кафедралары жұмыс жасайды. Академияда жоғары, арнаулы және орта әскери білімді маман кадрлар даярланатындығын айтты.
Құрлық әскерлерінің әскери институты мынадай мамандықтар бойынша офицерлер дайындайды:
• тактикалық мотоатқыштар әскерлерінің командашысы;
• тактикалық танк әскерлерінің командашысы;
• тактикалық артиллерия командашысы;
• тактикалық автомобиль әскерлерінің командашысы;
• тактикалық инженерлің әскерлерінің командашысы;
• тәрбиелеу құрылымдарыныі командашысы;
• тактикалық сауыттанк әскерлерінің командашысы;
• тактикалық азық түлікпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
• тактикалық киім кешекпен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы;
• жанар жағар маймен қамтамасыз ету әскерлерінің командашысы
• тактикалық әуе десант әскерлерінің командашысы.
Болашақта әскери мамандықтарға қызығушылық танытқан оқушыларға маңызды кездесу болды.
#bilimkzo
#mektep233
#bikimqzo

KZ




