Мектебіміздің асханасында жоспарлы мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағам сапасы, ас мәзірінің талапқа сәйкестігі, азық-түліктің сақталу мерзімі мен жағдайы, сондай-ақ оқушыларға қызмет көрсету деңгейі тексерілді.
Тексеру нәтижесінде асхананың санитарлық талаптарға сай екендігі, тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкес дайындалатыны және азық-түліктің сақтау талаптарының орындалатыны анықталды. Оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.
Анықталған ескертулер (болған жағдайда) бойынша жауапты тұлғаларға тиісті ұсыныстар беріліп, оларды жою жұмыстары қолға алынды.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo
KZ




