📌Ж.Нұрсейітов атындағы 233 орта мектебі бастауыш сынып бірлестігінің " Бастауышта жасампаз ой, жарқын болашақ" атты апталығы аясында 1- сыныптар арасында "Әдемі дәптер " көркем жазу байқауы өтті.
📝Байқаудың басты мақсаты — оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты әрі көркем жазуға баулу, дәптерді таза әрі жинақы ұстау дағдыларын қалыптастыру болды. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерінің жауапкершілігі мен тиянақтылығын көрсетіп, әдемі жазуға деген үлкен ынталарын дәлелдей білді.
Қатысушылардың барлығы ерекше белсенділік танытып, көркем жазу мәдениетінің алғашқы қадамдарын жоғары деңгейде көрсетті. Әр дәптерден еңбекқорлық пен талпыныс анық байқалды.
🏆 Байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
👏 Барлық қатысушы оқушыларға алғыс білдіреміз!
Осындай игі шаралар арқылы шәкірттеріміздің білімге деген қызығушылығы арта берсін!
#bilimkzo
#mektep233

KZ
