🔰«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»
🔰Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің педагог магистрларының ұйымдастыруымен 9,10 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді.
🔰Мақсаты: оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, жан-жақты білімді, белсенді, жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, өз ойын еркін жеткізе білуге және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға тәрбиелеу. Сайысқа қатысушы оқушылар жоғары белсенділікпен өз білімдерінен бақ сынады.
🔰Сайыс нәтижесі бойынша:
І орын 9 «А» сынып оқушысы Сақташ Аягөз
ІІ орын 9 «А» сынып оқушысы Ахмед Ақбота
ІІІ орын 10 «А» сынып оқушысы Балғабай Құралай иеленіп арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жүлделі орын алған оқушыларымызды құттықтаймыз. Барлық сайысқа қатысқан оқушыларға ұйымдастырушылар атынан зор алғыс білдіреміз.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo
KZ





