Skip to content

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒЫТ ЖӘНЕ ТІС КҮТІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ Қызылорда медициналық…

БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚҚА БАҒЫТ ЖӘНЕ ТІС КҮТІМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРМЕ

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Стоматология» мамандығы, «Дантист» біліктілігі бойынша білім алатын Д24 тобының студенттері кәсіби бағдар жұмысы аясында оқушылармен кездесті.
Кездесу барысында олар 9-сынып оқушыларына өз мамандықтарының ерекшеліктері, оқу процесі мен студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы айтып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.
Сонымен қатар, волонтерлік жұмыс шеңберінде 1 "А" сынып оқушыларына "Тіс тазалау, тіс күтімі" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Балаларға ауыз қуысы гигиенасын сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, пайдалы кеңестер берілді 😊
Осындай кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді
#bilimkzo
#mektep233