🔔МЕКТЕБІМ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС! 🔔
🔔Бүгін мектебімізде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітірушілер кеші салтанатты түрде өткізілді.
📚Салтанатты жиынды мектеп директоры Рсаева Айман Алтынбекқызы ашып, бітіруші түлектерге ақ жол тіледі. Кештің қадірлі қонағы —Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Жорабек Медет Ерданаұлы сөз сөйлеп, жас түлектерді мерекемен құттықтады.
Кеш барысында түлектерге ізгі тілектер айтылып, ұстаздарға алғыс білдірілді. Мерекелік шарада ән мен күй шырқалып, тағылымы мол естеліктер мен жүрекжарды лебіздер айтылды.
✅Ұстаздар қауымы түлектерге ақ жол тілеп, үлкен өмірге сәтті қадам басуларына ниет білдірді. Түлектерге деген құттықтау лебізін 11 сынып оқушыларының ата-аналар атынан Әлішбеков Оразалы
Мырзағұлова Гүлжахан, Долотова Татьяна
Райымов Ғаниға сөз _кезегі берілді. Бітіруші түлектерге алғаш қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстаздары да жылы лебіздер айтылып, мектеп ұжымына ризашылық білдірілді.Кеш соңында түлектер мектеппен қимастықпен қоштасты.
✅Бұл кеш жас түлектердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше естелікке айналды.
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқалы отырған жас түлектерге сәттілік пен жарқын болашақ тілейміз!
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo
#жастулек
#акжол
KZ

