✅АШЫҚ САБАҚ
Пән мұғалімі: Төреханова Шолпан
📌 Бастауыш сынып апталығы аясында 3"Ә" сыныбында математика сабағынан "Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі" тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
📚Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін үйрену.
✏️Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындау арқылы ғарышкерлер туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Тапсырмалар орындау арқылы оқушылар белсенділік танытып, математикалық сауаттылықтарын одан әрі кеңейтті.
Апталық аясындағы мазмұнды сабақ өз мақсатына жетті.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo
KZ




