Skip to content

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің бітіруші сынып…

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің бітіруші сынып түлектері қашықтықтан Алматы технологиялық университетінің мамандарымен кездесті. Мақсаты, бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, болашақ мамандық таңдауға көмек көрсету. Алматы технологиялық университеті (АТУ) – бұл Қазақстандағы және Орта Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Тамақ, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету және қонақжай индустриялары үшін жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді. АТУ-нің артықшылықтары жатақхана, заманауи техникамен жабдықталған аудиториялар, стипендия алу, медициналық қызмет көрсету, тегін спорт секциялары т.б. мәліметтермен таныстырды.
#bilimkzo
#mektep233