Мектебімізде «5 секунд жапсырмаға – денсаулық өмір бойы» тақырыбында тамақты дұрыс сақтау және оның құрамын зерделеу туралы қысқаша бейнеролик дайындалып, жарияланды. Бейнероликте тағам өнімдерінің жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына және құрамындағы пайдалы әрі зиянды қоспаларға назар аударудың маңыздылығы түсіндіріледі.
Аталған жұмыс оқушылар мен ата-аналарды дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, өнім таңдау кезінде мұқият болуға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
KZ

