🌿 Наурызнама – мейірім мен жақсылықтың мерекесі 🌿
Наурызнама аясында 6 “Ә” сынып оқушыларымен ата-аналарымен бірлесе отырып, шағын болса да жүрекке жылы қайырымдылық акциясын ұйымдастырдық. Бұл игі шараның басты мақсаты – балалардың бойына мейірімділік, жанашырлық және бір-біріне қолдау көрсету сияқты асыл қасиеттерді сіңіру.
Оқушылар үлкен ықыласпен қатысып, айналасына жақсылық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Әрбір кішкентай игі іс – үлкен мейірімнің бастамасы екенін балалар тағы бір дәлелдеді.
Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпақтың жүрегіне мейірім ұялап, қоғамымызда жақсылық пен ізгілік көбейе берсін деп тілейміз.
🌸 Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке, шаттық пен жақсылық әкелсін!
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo
KZ

