Skip to content

🌿 Салауатты тамақтану – өзіңе деген қамқорлық Бүгін 4-сынып оқушыларымен…

🌿 Салауатты тамақтану – өзіңе деген қамқорлық

Бүгін 4-сынып оқушыларымен «Салауатты тамақтану» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Оқушылар дұрыс тамақтанудың маңызы, пайдалы және зиянды тағамдардың айырмашылығы туралы білді.

🥗 Күнделікті рационда:
✔ Көкөніс пен жеміс-жидек
✔ Ақуызға бай тағамдар (ет, балық, жұмыртқа, бұршақ)
✔ Дәнді-дақылдар
✔ Таза су жеткілікті мөлшерде болуы керек

🚫 Қантты, фастфудты, майлы және өңделген тағамдарды шектеген дұрыс.

Балалар көкөніс пен жемістің пайдасы, дәрумендердің ағзаға қажеттілігі, фастфуд пен тәтті тағамдарды шектен тыс тұтынудың зияны жайында ақпарат алды. Сонымен қатар, күнделікті су ішудің және уақытылы тамақтанудың маңызы түсіндірілді.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — пайдалы тағамды таңдаңыз 💚
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo