Skip to content

📌ҰБТ-ның қаңтар–ақпан айларында өткізілген сынама тестілеу қорытындысы бойынша мектеп директорының…

📌ҰБТ-ның қаңтар–ақпан айларында өткізілген сынама тестілеу қорытындысы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарының кезекті отырысы өткізілді.
📌Отырыста бітіруші сынып оқушыларының сынама тест нәтижелері талданып, әр оқушының жинаған балл көрсеткіштері қарастырылды. Әсіресе «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлерінің нәтижелеріне ерекше назар аударылып, олардың білім деңгейін тұрақты бақылауда ұстап, алдағы уақытта дайындық жұмыстарын күшейту қажеттілігі айтылды.
📌Сонымен қатар, бітіруші сынып оқушыларының ай сайын өткізілетін сынама тест нәтижелері алдыңғы көрсеткіштермен салыстырылып, пәндер бойынша білім сапасын арттыру мақсатында пән мұғалімдерімен бірлескен түрде талқыланды. Оқушылардың әлсіз тұстарын анықтап, қосымша сабақтар ұйымдастыру, жеке жұмыс жүргізу және жүйелі дайындық жоспарын нақтылау бойынша ұсыныстар берілді.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo