Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектебінің 9-сынып оқушылары “Сыр жиһазы” фабрикасына экскурсияға барды. Мақсаты: жасөспірімдердің бойында кәсіптік артықшылықтарды қалыптастыру, олардың қызығушылықтарын, қабілеттерін, мамандық таңдаумен және қоғамдағы өз орнын таңдаумен байланысты қоғамдық құндылықтарды білуге және дамытуға қолдау көрсету.
«Сыр жиһазы» фабрикасы эксклюзивті жиһаздар өндіру ісінде көшбасшыға айналған кәсіпорын. Бүгінде мұнда жасалған тауарлар облыс аумағымен қатар, көршілес өңірлерге де шығарылып жатыр. Аталмыш цехта көнерген бұйымдарды қайта жаңғырту ісі де қолға алынған. Бір сөзбен, кәсіби мамандар тұтынушы талабын жан-жақты орындайды.
Фабрика директоры Жібек Қожахметова 20 жылға жуық осы жиһаз өндіру саласында еңбек етіп келеді, қазіргі таңда цехта 35-ке жуық қызметкер жұмыс істейді. Осы ретте, Жібек Қожахметова оқушыларға өндірістің ішкі процессімен таныстырып өтті. Фабрикаға экскурсия барысында оқушыларымыз өндіріс барысын жақыннан көріп, тиімді тұсын түртіп алуға мүмкіндік алды.
#bilimkzo
#mektep233
#bilimqzo

KZ




