✨ «Жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби кеш ұйымдастырылды
Бүгін білім ордамызда «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында тағылымы мол әдеби кеш өтті. Шараның мақсаты – ғасыр жасап, ел руханиятына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем көріністер қойып, ән-жырмен өрнектелген әсерлі бағдарламаларын ұсынды. Әдеби мұра мен өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Тағылымды шара жас буынның өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, үлкенге құрмет, тарихқа тағзым етуге үндеді.
#ЖүзЖасағанБәйтерек
#ӘдебиКеш
#РуханиҚұндылық

KZ



